
Кентау көпсалалы колледж кітапханасында "Оқуға құштар колледж" жобасы аясында кітапханашылардың ұйымдастыруымен "Желтоқсан желі ызғарлы" атты тарихи-кездесу кеші өтті. Кездесуге Кентау қаласының «Желтоқсан-86» ұйымнының төреайымы Р.Асылбекова, Б.Даниярова, Б.Базарбаева апаларымыз қонаққа келді. Олар желтоқсан көтерілісінде болған қанды оқиғамен, басынан кешкен қиындықтармен бөлісті. Тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын білім алушыларға баяндап берді.

Тарихи кездесудің мақсаты: Білім алушыларға өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Білім алушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым.
#Оқуағартуминистрлігі